Мессисіз «Интер Майами» тағы сүрінді

Мессисіз «Интер Майами» тағы сүрінді

D.C. United - Интер Майами арасындағы MLS кездесуі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу АҚШ астанасы Вашингтондағы Audi Field стадионында өтіп, 1:1 есебімен тең аяқталды.

Айта кетейік, бұл кездесуге жұлдызды дуэт Лионель Месси мен Хорди Альба қатыспады. Сонымен қатар, атақты уругвайлық шабуылшы Луис Суарес пен испандық қорғаныстағы жартылай қорғаушы Серхио Бускетс ойынды қосалқы құрамнан бастады. 

Келесі матчта «Интер Майами» өз алаңында «Чикаго Файр» командасымен, ал «Ди Си Юнайтед» сырт алаңда «Нью-Йорк Ситимен» ойнайды. Екі матч та 31 тамызда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или