Ла Лига: «Барселона» екінші турда «Левентені» жеңді

«Барселона» Испания Ла Лигасының екінші турында «Леванте» командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч Валенсияда өтіп, 3:2 есебімен Барселонаның жеңісімен аяқталды. Бұл ретте бірінші таймнан кейін Ханс-Дитер Флик шәкірттері қарсыластарынан 0:2 есебімен ұтылып жатты – «Левантенің» голдарын Иван Ромеро (15-минут) пен Хосе Луис Моралес (45+7, пенальтиден) соқты.
Алайда үзілістен кейін бірден «Барселона» есепті теңестірді: Педри 49-минутта, ал Ферран Торрес 52-ші минутта гол соқты. 90+1 минутта Унай Элхезабалдың автоголы Фликтің командасына жеңіс әкелді.
Осылайша, «Барселонаның» екі турдан кейін алты ұпайы бар, ал «Левантеде» әлі ұпай жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или