Анна Данилина Кливленд турнирінде топ жарды

Анна Данилина Кливленд турнирінде топ жарды

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Кливленд қаласында өткен WTA 250 жарысының жұптық сынында чемпион атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалда ол сербиялық Александра Круничпен бірге тайвандық Хао Чань мен қытайлық Синью Янь жұбын 7:6, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Бұл жеңіс Данилина мен Круничке әлемдік рейтингке 250 ұпай және командаға 11 480 доллар сыйақы әкелді. Қазіргі таңда Данилина WTA жұптық рейтингінде 10-орында тұр.

Айта кетейік, биылғы маусымда қазақстандық- сербиялық жұп «Ролан Гаррос» турнирінің финалына шыққан болатын. Енді олар келесі аптада АҚШ ашық біріншілігінде өнер көрсетеді.


US Open-2025: Рыбакина мен Бубликтің алғашқы қарсыластары белгілі болды

Эррани мен Вавассори US Open–2025 финалында чемпион атанды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или