Арсен Жұма грек-рим күресінен U20 әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Арсен Жұма грек-рим күресінен U20 әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық Арсен Жұма грек-рим күресінен Самоковта (Болгария) өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Балуан 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Үшінші орын үшін өткен белдесуде Жұма Қырғызстан спортшысы Омур Ынтымак уулун тізе бүктірді.

Айта кетейік, бұған дейін Диас Сейітқалиев (82 келіге дейін) күміс жүлдеге қол жеткізген болатын.

Диас Сейітқалиев грек-рим күресінен U20 әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды

Қазақстандық балуан қыз әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Ризабек Айтмұхан олимпиадалық салмақтағы бәсекелестік туралы айтты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или