Босниялық бұрынғы ойыншы Алматы клубына сәттілік тіледі

Босниялық бұрынғы ойыншы Алматы клубына сәттілік тіледі

Қарағанды «Шахтерінің» және Босния және Герцеговина құрамасының бұрынғы футболшысы Никола Василевич Глазгода өткен алғашқы матчтан кейін «Қайраттың» еурокубоктағы мүмкіндіктері жайлы Legalbet.kz сайтына ой бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Алғашқы ойынды көрдім. Әрине, тамаша нәтиже – Глазгода 0:0! Қуантты. «Қайраттан» Заруцкийді білемін, ол «Шахтердің» жастар құрамасында болды. Жақсы ойыншы», – деді ардагер футболшы.

41 жастағы Василевич 2011–2015 және 2016 жылдары Қарағандының «Шахтерінде» ойнаған. Ол 2013 жылы УЕФА Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінде «Селтикке» қарсы өткен тарихи матчтарға да қатысқан (2:0 және 0:3).

Айта кетейік, «Селтик» пен «Қайрат» арасындағы плей-оффтың алғашқы кездесуі 20-21 тамыз түні Глазгода өтіп, 0:0 есебімен аяқталды. Жауапты матч 26 тамыз күні Алматыда, сағат 21:45-те басталады.

Семейде «Елімай» өз алаңында «Қызылжарды» тізе бүктірді

«Жеңіс» астаналық дербиде «Астананы» тізе бүктірді

«Қайсар» мен «Атырау» жеңімпаз анықтай алмады

«Тобыл» турнир кестесінің көшін бастады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или