Семейде«Елімай» өз алаңында «Қызылжарды» тізе бүктірді

Семейде«Елімай» өз алаңында «Қызылжарды» тізе бүктірді

Семейде Қазақстан Премьер-лигасының 22-тур ойынында жергілікті «Елімай» өз алаңында «Қызылжарды» 2:0 есебімен тізе бүктірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын тағдыры алғашқы таймда шешілді. 24-минутта Кевин Ролон есеп ашса, 43-минутта Майком есепті еселей түсті. Екі гол да клубтың легионер футболшыларының еншісінде.

Екінші таймда қос тарап та гол соғуға тырысқанымен, табло өзгермеді. Осылайша, «Елімай» 38 ұпай жинап, турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді. «Ақтөбенің» еншісінде екі ұпай кем, бірақ екі ойыны артық. Ал «Қызылжар» 21 ұпаймен оныншы орында қалды.

«Жеңіс» астаналық дербиде «Астананы» тізе бүктірді

«Қайсар» мен «Атырау» жеңімпаз анықтай алмады

«Тобыл» турнир кестесінің көшін бастады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или