«Жеңіс» елордада «Астананы» тізе бүктірді

Астанада Қазақстан Премьер-лигасының 22-турындағы басты ойын өтті: «Жеңіс» өз алаңында «Астананы» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу басында қонақтар есеп ашты. 14-минутта жарақат алған Марин Томасовтың орнына шыққан Нұралы Жақсылық мергендігімен көзге түсті. Алғашқы тайм «Астананың» жеңісімен аяқталып, фаворит ойынды бақылауда ұстағандай көрінген.
Бірақ екінші таймда жағдай өзгерді. Элгуджа Лобжанидзе 60-минутта есепті теңестіріп, 74-минутта «Жеңісті» алға шығарды. Қарсыласқа Назым Грипши пенальтиден жауап қайтарды. Алайда қосымша минутта Всеволод Садовский жеңіс голын соғып, жергілікті жанкүйерлерді қуантты — 3:2.
Бұл жеңістен кейін «Жеңіс» 31 ұпай жинап, турнир кестесінде алтыншы орынға көтерілді. Ал «Астана» 43 ұпайымен екінші орынға сырғып, көшбасшылықты «Тобылға» берді.