Костанайлық клуб өз алаңында жеңіске жетті

Сенбі күні футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 22-туры басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Костанайда өткен матчта жергілікті «Тобыл» Түркістанның «Туранын» қабылдап, 2:0 есебімен басым түсті. Голды Асхат Тағыберген (4-минут) мен Александр Зуев (72-минут) соқты.
Бұл жеңіс «Тобылға» турнир кестесінде бірінші орынға шығуға мүмкіндік берді. Қостанай командасы 20 ойында 44 ұпай жинады. Бұл – «Астана» мен «Қайраттан» бір ұпайға көп.
Айта кетейік, елордалық клуб бір матчты кем өткізген.
Самородов РПЛ матчында «Ахматқа» камбэк жасауға көмектесті
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или