«Қайрат» футзалдан Қазақстан Суперкубогының иегері атанды

«Қайрат» футзалдан Қазақстан Суперкубогының иегері атанды

Футзалдан Қазақстан чемпионы «Қайрат» пен ел кубогының иегері «Семей» Суперкубок үшін матч өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын Оралдағы «Жайық Аренада» өтті. «Қайрат» 1:0 есебімен жеңіске жетті. Алматы клубының сапындағы жалғыз голды бразилиялық жаңа ойыншы Рафао соқты.

Маусым айының соңында «Қайрат» плей-офф кезеңінің финалында «Семейді» 3:1 есебімен ұтып, өткен маусымның ел чемпионы атанған еді, ал наурызда Қазақстан кубогының финалында семейлік клуб алматылықтарды 5:1 есебімен ойсырата жеңіп, 2024/2025 маусымында бұл трофейге ие болған еді.

Айта кетейік, алматылық клуб Қазақстан Суперкубогын оныншы рет иеленді. 

«Қайрат» бразилиялық қақпашымен келісімшарт жасасты

Қазақстандық чемпион клуб Суперкубок алдында апатқа түсті

«Қайрат» бразилиялық шабуылшы Атирсон Оливейраны қатарға қосты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или