«Жеңіс» африкалық қақпашымен келісімшарт жасасты

28 жастағы ганалық қақпашы Разак Абалора «Жеңіс» футбол клубының қатарын толықтырды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Разак өз мансабын «Фейеноорд» академиясының ганалық филиалында бастаған. Африканың «WAFA», «Азам» және «Асантэ» командаларында өнер көрсетті. Сондай-ақ Молдованың «Шериф» пен «Петрокуб», және Албанияның «Эльбасани» клубтарында ойнады.
Гана ұлттық құрамасы сапында 4 матч өткізді.
Разак Гана чемпионы, Молдованың 3 дүркін чемпионы және Молдова Кубогының 3 дүркін иегері атанды.
Самородов РПЛ матчында «Ахматқа» камбэк жасауға көмектесті
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или