Этникалық қазақ UFC-дегі дебюттік жекпе-жегінде жеңіске жетті

Қытайдан шыққан этникалық қазақ Тайлак Нұражы (11-1) UFC-дегі дебюттік жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Нұражы Қытайдың Шанхай қаласында өткен UFC Fight Night 257 турнирінде ирландиялық спортшы Кифер Кросбимен (10-5) күш сынасты. Жартылай орта салмақтағы бұл айқас үш раундқа жоспарланғанымен, қазақстандық файтер бірінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.
Осылайша, Тайлак Нұражы кәсіпқой карьерасындағы он екінші жеңісіне қол жеткізіп, UFC-де сәтті дебют жасады. Ал Кифер Кросби кәсіби ММА-дегі алтыншы жеңілісін тапты.
Алматыда NAIZA лигасының турнирі өтеді
UFC тарихындағы алғашқы Қазақстан – Қырғызстан жекпе-жегінде Нұрғожай жеңілді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или