«Сарыарқа» хоккейден Қазақстан кубогын сәтті бастады

«Сарыарқа» хоккейден Қазақстан кубогын сәтті бастады

Шайбалы хоккейден Қазақстан кубогының алғашқы ойын күнінің нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Биыл аталған турнирге 11 клуб қатысады. Олар өткен маусымдағы рейтинг бойынша екі топқа бөлінген. 

Ал А тобында қарағандылық «Сарыарқа» рудныйлық «Горнякты» 6:0, көкшетаулық «Арлан» атыраулық «Бейбарысты» 3:1 есебімен тізе бүктірді.

В тобында петропавлдық «Құлагер» «Алматыны» 6:1, өскемендік «Торпедо» «Ақтөбені» 4:2 есебімен тізе бүктірді.

Топтық кезеңде Өскемен және Қарағанды қалаларында шеберлік байқасады. Топтық кезеңнен кейін жартылай финал ойындары жалғасады. Онда топта бірінші орын алған командалар екінші топтағы екінші орындағы ұжымдармен финал жолдамасын сарапқа салады. Шешуші ойындар Қарағанды қаласында өтеді.

Өткен жылы аталған трофейге көкшетаулық «Арлан» командасы қол жеткізді. Олар финалда рудныйлық «Горнякты» 3:1 есебімен тізе бүктірді.

Еске салсақ, елордалық «Барыс» командасының Құрлықтық хоккей лигасы 2025-2026 жылғы жаңа маусымын қашан бастайтыны белгілі болды.

Қазақстандық клуб жаңа маусымда алғашқы үш ойында елордада өткізеді. Алдымен 7 қыркүйекте Ресейдің «Трактор» (Челябинск) командасымен кездессе, одан кейін 9 қыркүйекте «Амур» (Хабаровск), 13 қыркүйекте Беларусьтің «Динамо» (Минск) клубтарымен шеберлік байқасады. 

«Торпедо» Қазақстан кубогы матчында «Ақтөбеден» басым түсті

«Барыс» Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысынан бас тартты

«Барыс» NHL-да ойнаған хоккейшіні қатарына қосты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или