Қазақстан құрамасы стенд атудан Азия чемпионатында күміс жүлде алды

Қазақстан құрамасы стенд атудан Азия чемпионатында күміс жүлде алды

Шымкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы стенд атудан күміс медаль алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ел құрамасынан Эдуард Ещенко мен Анастасия Молчанова аралас командалар арасындағы «скит» бағдарламасында екінші орын иеленді.

Бұл сында алтын медаль Қытай жұбына бұйырса, үшінші орынға Қатар мен Үндістан тұрақтады.

Айта кетсек, бұған дейін Молчанова жекелей сайыста қола жүлдегер атанған еді.

Ұлттық құрама ойыншысы жарыс барысында 45 ұпай жинап, үздік үштікті түйіндеді.

Құрлықтық додаға 29 елден 756 спортшы келді. Олар екі аптаға жуық уақыт бойы жүлделерді сарапқа салады.

Шымкент қаласы төрт жыл бұрын пневматикалық қарумен нысана көздеуден Азия чемпионатын қабылдаған еді. Онда 20 мемлекеттің 350-ге жуық спортшысы қатысты.

Қазақстан 5 алтын, 7 күміс және 6 қола медальмен жалпы есепте 1-орын алды. 

Қазақстан спортшысы байдарка және каное есуден әлем чемпионатының финалына шықты

Миландағы әлем чемпионатында қазақстандықтар жартылай финалға шықты

Қазақстандық суда жүзуші әлем чемпионатының финалына жолдама алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или