Алматыдағы матч билеттерін бейресми дереккөздерден сатып алу жарамсыз деп ескертілді

Алматылық «Қайрат» футбол клубы жанкүйерлерге УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі «Селтикке» қарсы қарымта ойынына билеттерді тек ресми платформалар арқылы сатып алу қажеттігін ескертті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу 26 тамызда Алматыда өтеді.
Клубтың хабарлауынша, билеттер мына ресми платформаларда сатылады:
-
клубтың ресми сайты,
-
Ticketon платформасы,
-
Qairat SuperApp мобильді қосымшасы.
Билеттерді пайдалану тәртібі
– Сайт пен Ticketon арқылы алынған электронды билеттер жанкүйерлерге тек матч күні e-mail арқылы жіберіледі.
– Qairat SuperApp қосымшасындағы қазіргі QR-кодтар уақытша. Нақты код ойын басталардан бірнеше сағат бұрын ғана қолжетімді болады.
– Әлеуметтік желілерде немесе бейресми дереккөздерде таралған скриншоттар мен суреттер жарамсыз болып саналады.
Алыпсатарларға қарсы шаралар
«Қайрат» билеттерді қайта сатудың деректерін тіркеп отыр. Мұндай билеттердің барлығы жарамсыз деп танылады. Стадионға кірер кезде стюардтар сатып алушыдан ЖСН (ИИН) талап етуге құқылы. Егер сәйкестік расталмаса, стадионға кіруге рұқсат берілмейді.
Матч күні клуб құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып бақылауды күшейтетінін және алыпсатарлықпен күресті жалғастыратынын мәлімдеді.
Ескерту
Клуб жанкүйерлерге билеттерді тек ресми платформалар арқылы сатып алуды қатаң түрде ескертеді. Бұл стадионға кіру кезінде туындауы мүмкін мәселелердің алдын алады.
«Қайраттың» Глазгодағы тарихи ойыны: британиялық БАҚ таңданысын жасырмады