Қазақстандық файтер Нұрғожай UFC-дегі екінші жекпе-жегін де жеңе алмады

Қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай UFC-дегі екінші жекпе-жегінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Шанхайда өткен UFC Fight Night турнирінде ол қырғызстандық Уран Сатыбалдиевке қарсы октагонға шығып, тартысты басталған айқаста алғашқы раундта-ақ тізе бүкті.
Жекпе-жек 2:45 минутта аяқталды. Нұрғожай нокдаунға түсіп, кейін қарсыласының «Иезекииль» әдісіне берілді. Осылайша, 28 жастағы қазақстандық спортшының UFC-дегі рекорды 0-2 болып тұр.
Нұрғожай UFC-де алғашқы кездесуін биыл наурызда өткізіп, Бразилия өкілі Брендсон Рибейродан жеңілген еді. Оған дейін ол Eagles FC чемпионы атанып, UAE Warriors пен Alash Pride турнирлерінде өнер көрсеткен.
Сатыбалдиев болса, UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейінгі жекпе-жегінде ол қысқа дайындықпен ауыр салмақта өнер көрсетіп, төрешілер шешімімен жеңілген болатын.
Қазақстандық файтер UFC-дегі жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді