Руслан Сариевке 4-ші жеңіліс салмақ асып кеткені үшін жазылды

Руслан Сариевке 4-ші жеңіліс салмақ асып кеткені үшін жазылды

Қазақстандық файтер Руслан Сариев (16-4) Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен Black Combat 15 турнирінде ерекше жағдайда жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның қарсыласы қырғыз спортшысы Данияр Тойчубек уулу (11-0) болды.

Жекпе-жек алдындағы ресми салмақ өлшеу кезінде Сариев белгіленген лимиттен 4,2 келі артық шықты. Ұйым ережесіне сәйкес, мұндай жағдайда кез келген нәтиже қарсыластың пайдасына есептеледі. Яғни Сариев кездесуде жеңіске жетсе де, ол жарамсыз болып саналатын еді. Соңғы шешім бойынша жеңіс Тойчубек уулына берілді.

Бұл қырғыз спортшысы үшін ММА-дағы 11-ші жеңіс болды. Бұған дейін ол ACA ұйымында 6 рет жеңіп, барлық кездесулерін наилегчайший салмақта өткізген. Black Combat-тағы алғашқы жекпе-жегін енді жеңіл салмақта өткізді.

Ал 28 жастағы Руслан Сариев үшін бұл – мансабындағы төртінші жеңіліс. Ол Naiza (8-0) мен Alash Pride (4-1) ұйымдарында сәтті өнер көрсеткенімен, бұған дейін Eagle FC-де екі рет жеңіліп қалған болатын.

Қазақстандық жас файтер бірінші раундта қарсыласын құлатты

Аңызға айналған файтер UFC чемпионын мақтады

Қазақстандық файтер UFC-дегі жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или