Америкалық спортшы қазақ файтеріне ашық шақыру жасады

АҚШ-тың тәжірибелі файтері, UFC-дің жеңіл салмақтағы бұрынғы титулға үміткері Алекс Перес (25-9) қазақстандық Асу Алмабаевқа (22-3) жекпе-жекке шығуды ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz Спорт Шредингера порталына сілтеме жасап.
Бұл туралы спортшы Instagram-сторисінде жариялады.
Перес қарашаны ықтимал мерзім ретінде атады. Дәл осы айда Алмабаевтың UFC октагонына оралуы жоспарланған. Оның келесі жекпе-жегі Катарда өтетін турнирде күтіледі. Бұған дейін сарапшылар қазақстандық спортшы үшін Перес ең қолайлы қарсылас болуы мүмкін деп болжаған еді.
Айта кетейік, Асу Алмабаев соңғы кездесуінде перуандық Хосе Очоаны жеңіп шықты. Ал Алекс Перес бір жылдан бері жекпе-жек өткізген жоқ – оның соңғы шайқасында жапон файтері Тацуро Тайраға есе жіберіп, тізесінен ауыр жарақат алған.
Қазақстандық файтер UFC-дегі жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді