«Бавария» қақпашысы 20-шы маусымын бастады

«Баварияның» қақпашысы Мануэль Нойер Германия чемпионатындағы 20-маусымын бастап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Осы көрсеткіш бойынша ол мюнхендік клуб пен «Карлсруэдің» бұрынғы қақпашысы Оливер Канмен және «Бавария», «Вердер», «Кёльн» сапында өнер көрсеткен экс-шабуылшы Клаудио Писарромен теңесті.
Бундеслигадағы абсолютті рекорд Клаус Фихтельге тиесілі. Ол «Шальке» мен «Вердер» сапында 22 маусым ойнаған.
Кеше Нойер «РБ Лейпцигке» қарсы өткен ойында («Бавария» 6:0 есебімен жеңіске жетті) алаңға шықты.
«Бавария» Бундеслиганы ірі жеңіспен бастады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или