Кейннің хет-тригі «Баварияға» ірі жеңіс сыйлады

Кейннің хет-тригі «Баварияға» ірі жеңіс сыйлады

Бундеслигадағы маусымның алғашқы туры Мюнхендегі «Арена Мюнхен» стадионында өткен «Бавария» мен «РБ Лейпциг» арасындағы матчпен жалғасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ойында мюнхендіктер қарсыластарын 6:0 есебімен ойсырата жеңді. Кездесуді Флориан Бадштюбнер басқарды.

Алғашқы голды 27-минутта Майкл Олисе соғып, есепті ашты. Бес минуттан кейін Луис Диас есепті еселесе, үзіліске дейін Олисе дубль авторы атанды. Екінші таймда негізгі рөлге Гарри Кейн шықты: ол 64-минутта командасының төртінші голын соқты, ал 74 және 78-минуттарда тағы екі рет нәтижелі соққымен хет-трикті толықтырды.

66-минутта Антонио Нуса «Лейпциг» сапынан таблода есеп ашқанымен шабуыл кезінде ереже бұзылғаны анықталып, гол есептелмеді.

Келесі кездесуде «Бавария» 27 тамыз күні Германия кубогының бірінші айналымында сырт алаңда «Веенге» қарсы ойнайды. Ал Бундеслиганың 2-турында 30 тамызда мюнхендіктер «Аугсбургке» қонаққа барады. «РБ Лейпциг» сол күні өз алаңында «Хайденхаймды» қабылдайды.

Доннарумма «ПСЖ» жанкүйерлерімен қоштасты

АПЛ: «Челси» «Вест Хэмді» ірі есеппен жеңді

«Челси» ірі трансферді жүзеге асыруға жақын


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или