Лондон дербиінде «Челси» алты гол соғып, «Вест Хэмді» ойсырата жеңді

Англия Премьер-лигасының 2-турындағы «Вест Хэм» мен «Челси» арасындағы матч аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу «Лондон» стадионында өтіп, бас төреші қызметін Майкл Оливер атқарды. Ойын қонақтардың пайдасына 5:1 есебімен аяқталды.
Алдымен алаң иелері сапынан Лукас Пакета есеп ашты. 15-минутта Жоао Педро таразы басын теңестірді. Бірінші тайм ортасында Педру Нету «Челсиді» алға шығарса, 34-минутта Энцо Фернандес есепті 3:1-ге жеткізді.
Екінші таймда лондондықтар басымдығын арттырды. 55-минутта Мойсес Кайседо, ал үш минуттан кейін Трево Чалоба қарсыластың қақпасына гол соғып, қорытынды нәтижені тіркеді.
Келесі турда «Челси» 30 тамыз күні «Фулхэмге» қарсы ойнаса, «Вест Хэм» 31 тамызда «Ноттингем Форестпен» кездеседі.
«Челси» ірі трансферді жүзеге асыруға жақын
«Манчестер Сити» португалиялық қорғаушымен келісімшарт мерзімін ұзартты