Самородов РПЛ матчында «Ахматқа» есепті теңестіруге көмектесті

Самородов РПЛ матчында «Ахматқа» есепті теңестіруге көмектесті

«Ахмат» РПЛ-дің 6-туры аясында ойында сырт алаңда «Оренбургпен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оренбургтегі матч 2:2 есебімен тең аяқталды. Алғашқы таймда «Оренбург» сапынан Хорди Томпсон дубль жасады. Ол бірінші және 45-минутта көзге түсті. Алайда үзілістен кейін «Ахмат» есепті теңестірді: 47-минутта Исмаэл Силва, 56-минутта Максим Сидоров гол соқты.

Ойын барысында «Ахмат» алаңда тоғыз ойыншымен қалды: 5-минутта Эгаш Касинтура алаңнан қуылса, 63-минутта Лечи Садулаев қызыл қағаз алды.

Грозныйлық команда сапында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов алаңға негізгі құрамында шықты: ол 56-минутта нәтижелі пас беріп, командасына есепті теңестіруге көмектесті, ал 70-минутта ауыстырылды.

«Астана» шабуылшысы «Жеңіске» қарсы ойынға қатыспайды

«Қайратқа» рақмет. Қазақстан УЕФА рейтингінде жоғарылады

«Қайрат» жұлдызы «Селтикке» қарсы ойын жайлы пікір білдірді


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или