Мәнерлеп сырғанау: Қазақстан құрамасы Олимпиадаға іріктеу кезеңіне қатысады

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Қытай астанасы - Бейжіңде 2026 жылғы Олимпиада жолдамасын жеңіп алу үшін бақ сынайды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ерлер құрамасы сапында Диас Жиренбаев, Никита Кривошеев, Олег Мельников пен Артур Смағұлов сынға түседі. Ал мұздағы биден Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова қорғайды.
Қазірге дейін Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина іріктеуден сәтті өтіп Олимпиада ойындарына жолдама алған еді.
Қазақстандық спортшылардың негізгі қарсыластары қатарында Хенгем Ким (Оңтүстік Корея), Франсуа Пито (Франция), Бурак Демирбога (Түркия), Маурицио Зандрон (Австрия), Георгий Рештенко (Чехия), Евгений Пузанов (Беларусь), Донован Каррильо (Мексика), Семен Данильянц (Армения) бар.
Олимпиада жолдамасына үздік бестікке енген спортшылар қол жеткізеді.
Миландағы әлем чемпионатында қазақстандықтар жартылай финалға шықты
Қазақстандық суда жүзуші әлем чемпионатының финалына жолдама алды