Марин Томасов «Жеңіске» қарсы ойынға қатыспайды

37 жастағы «Астананың» негізгі ойыншыларының бірі Марин Томасов Қазақстан Премьер-Лигасының 22-турында «Жеңіске» қарсы алаңға шықпайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұған себеп – дисквалификация. Өткен турда «Ұлытауға» қарсы кездесуде (4:0) ол маусымдағы төртінші сары қағазын алды. Ережеге сәйкес, Томасов алдағы ойынды өткізіп жіберуге мәжбүр.
Қазіргі маусымда хорват жартылай қорғаушысы 19 матчқа қатысып, сегіз гол соқты және он нәтижелі пас берді. Ол әлі де «Астананың» шабуылдағы басты қозғаушы күші саналады.
«Астана» – «Жеңіс» кездесуі 23 тамызда өтеді. Басталуы – елорда уақытымен 19:00-де.
«Қайратқа» рақмет. Қазақстан УЕФА рейтингінде жоғарылады
«Қайрат» жұлдызы «Селтикке» қарсы ойын жайлы пікір білдірді
Шотландиялық БАҚ «Қайрат» футболшыларын айыптады