Сергей Емельянов байдарка мен каноэде ескек есуден әлем чемпионатының финалына жолдама алды

Сергей Емельянов байдарка мен каноэде ескек есуден әлем чемпионатының финалына жолдама алды

Миланда байдарка мен каноэде ескек есуден 50-ші әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Миланда өтіп жатқан байдарка мен каноэде ескек есуден 50-ші әлем чемпионатында Ұлттық құрама спортшысы Сергей Емельянов жартылай финалдық бәсекеде жекелей сында 200 метрде (каноэ) мәреге үшінші болып келіп, (С-1. олимпиадалық емес бағдарлама) ақтық сынға жолдама алды. Бірінші орында испаниялық Пабло Гранья, ал екінші сатыда Польша өкілі Алексей Колядич тұр.

Енді отандасымыз бүгін Астана уақытымен 21:40-та жүлдеге таласатын болады.

Әлем чемпионатының финалдық кезеңдері 24 тамызға дейін жалғасады. Барлығы 24 жиынтық жүлде сарапқа салынады.

Миландағы әлем чемпионатында қазақстандықтар жартылай финалға шықты

Миланда байдарка мен каноеде есуден әлем чемпионаты өтеді

Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан әлем чемпионатына қатысады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или