U20 санатындағы әлем чемпионаты: Еркін күрестен Қазақстан құрамасы қандай нәтиже көрсетті?

U20 санатындағы әлем чемпионаты: Еркін күрестен Қазақстан құрамасы қандай нәтиже көрсетті?

17–20 тамыз аралығында Болгарияның Самоков қаласында 20 жасқа дейінгі жастар арасында еркін күрестен әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық еркін күрес шеберлері аталған дүбірлі додада жоғары деңгейде өнер көрсетіп, тарихи нәтижеге қол жеткізді.

125 келіге дейінгі салмақта Едіге Қасымбек ұлттық құрама қоржынына жалғыз алтын медальді салды. Еркін күрес шебері финалға дейін жетіп, ирандық Абольфазл Мохаммад Нежадты 4:1 есебімен тізе бүктірді. 

92 келіде Камиль Куруглиев күміс медаль иеленді. Нұрданат Айтанов (57 келі), Самир Дурсунов (97 келі) және Досжан Құл-Ғайып (74 келі) қола жүлде алды. 

Жалпы командалық есепте Қазақстан жастар құрамасы екінші орынға тұрақтап, ел мерейін үстем етті.

Айта кетейік, жастар арасындағы әлем чемпионаты 24 тамызға дейін жалғасады. Қазіргі таңда әйелдер күресі мен грек-рим күресінің шеберлері арасында бәсекелер өтуде.

Қазақстандық балуан қыз әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Сенсация жасады! Қазақстандық балуан еркін күрестен әлем чемпионы атанды

Қазақстандық балуан әлем чемпионатының жүлдегері атанды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или