Қазақстан құрамасы стенд атудан Азия чемпионатының финалына жолдама алды

Шымкент қаласында өтіп жатқан нысана көздеу мен стенд атудан XVI Азия чемпионатында Қазақстан-1 командасы ақтық сынға жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Стенд атудың скит жаттығуында тәжірибелі Анастасия Молчанова мен Эдуард Ещенко жұбы қосымша матчта Қытай-1 құрамасынан басым түсті.
Енді бүгін Астана уақытымен 16:30-да отандастарымыз Қытай-2 командасымен бас жүлдені сарапқа салады. Қола және алтын медаль үшін матчты Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Қазақстандық мергендер Азия чемпионатында 9 медаль еншіледі
Қазақстандық жеңіл атлет Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или