Мэйсон Морелли биыл «Барыс» сапында ойнайды

«Барыс» хоккей клубы АҚШ ойыншысы Мэйсон Мореллимен біржақты келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты inform.kz-ке сілтеме жасап.
Шабуылшымен келісім бір маусымға есептеліп, 2026 жылдың 31 мамырына дейін күшінде болады.
Бұл Мореллидің Солтүстік Америкадан тыс алғашқы кәсіби тәжірибесі болмақ. 2023 жылы ол «Херши Беарс» құрамында Колдер кубогын жеңіп алды. Соңғы екі маусымды Мэйсон «Вегас Голден Найтс» жүйесінде өткізді. Өткен маусымда ол ҰХЛ-де бір матчқа қатысып, сондай-ақ АХЛ-дегі «Хендерсон Сильвер Найтс» сапында 48 ойында 19 (13+6) ұпай жинады.
Айта кетсек, бұдан бұрын елордалық клубпен АҚШ хоккейшілері Иэн Маккош, Майкл Веккьоне, Райли Уолш, Тайс Томпсон, канадалық Джейк Масси, ресейлік Владимир Волков, Эмиль Галимов, қазақстандық Кирилл Савицкий, Батырлан Мұратов, Роман Старченкомен келісімшартқа қол қойды.
Қазақстандық клуб Құрлықтық хоккей лигасындағы жаңа маусымда алғашқы үш ойынды елордада өткізеді. Алдымен 7 қыркүйекте Ресейдің «Трактор» (Челябинск) командасымен кездессе, одан кейін 9 қыркүйекте «Амур» (Хабаровск), 13 қыркүйекте Беларусьтің «Динамо» (Минск) клубтарымен шеберлік байқасады.