Дияр Нұрғожай UFC-дегі жекпе-жек алдында қарсыласпен көз арбасты

23 тамызда Шанхайда (Қытай) UFC Fight Night 257 турнирінде Қазақстан мен Қырғызстан өкілдері арасында жекпе-жек өтеді, деп жазады Prosports.kz.
Жартылай ауыр салмақта қазақстандық Дияр Нұрғожай (10-1) қырғызстандық Уран Сатыбалдиевпен (8-1) жұдырықтасады. Жекпе-жек турнирдің шымылдығын ашады, бұл бастапқы кардтағы алғашқы жекпе-жек.
Қарсыласу қарсаңында Нұрғожай мен Сатыбалдиев дәстүрлі көз қарас рәсімін өткізіп, олар бір-бірінің алдына және жұртшылық алдына туған елдерінің мемлекеттік туларымен шықты.
Еске салайық, ресми салмақ өлшеу рәсімінде Дияр Нұрғожайдың салмағы 92,98 келі болса, Уран Сатыбалдиев таразыда 92,53 келіні көрсеткен болатын.
Дияр Нұрғожай UFC турниріндегі екінші жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті
Қазақстандық жауынгер Әліби Ідіріс UFC-мен келісімшартқа отырды