Кукушкин US Open турнирінің іріктеу кезеңінде сүрінді

37 жастағы қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин (ATP рейтингінде 236-орын) US Open 2025 іріктеу кезеңінің жартылай финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Британдық Билли Харриспен (151-ші) бәсекеде қазақстандық үш сетте жеңіліп қалды – 7:6, 3:6, 2:6. Кездесу екі сағат 38 минутқа созылды.
Ерлер арасындағы жекелей турнир 24 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында өтеді, оның жеңімпазы 5 000 000 доллар мен 2000 рейтингтік ұпайға ие болады. Қазіргі чемпион итальяндық Янник Синнер.
Айта кетейік, негізгі кезеңде кем дегенде екі қазақстандық ойнайды - Александр Бублик (24-ші) және Александр Шевченко (89-шы). Оларға Дмитрий Попко да (239-шы) қосылуы мүмкін.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Кливлендтегі турнирдің ширек финалына шықты
ITIA қазақстандық теннисшіге жаза тағайындады
Қазақстандық теннисшілердің жаңарған рейтингтегі орындары белгілі болды