Қазақстан УЕФА рейтингінде жоғарылады

Қазақстан УЕФА рейтингінде жоғарылады

«Қайраттың» Чемпиондар лигасы іріктеуіндегі нәтижелері Қазақстанға УЕФА коэффициенттер кестесінде көтерілуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

20 тамыздағы жаңартылған рейтингке сәйкес, Қазақстан 0,125 ұпай қосып, 11,875 көрсеткішімен 38-орынға көтерілді және Косоводан озды. Бұған дейін «Астана», «Ақтөбе» және «Ордабасының» еурокубоктағы сәтсіздіктерінен кейін Қазақстан 39-орында тұрған еді, ал оған дейін 37-сатыда болған.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасы плей-офф іріктеуінің алғашқы матчында Глазгода «Қайрат» айқын фаворит саналатын «Селтикпен» тең түскен еді - 0:0. Алматылықтардың еурокубоктағы тағдыры 26 тамызда өз алаңындағы ойында шешіледі.

«Қайрат» жұлдызы «Селтикке» қарсы ойын жайлы пікір білдірді

Шотландиялық БАҚ «Қайрат» футболшыларын айыптады

Ферапонтов: «Қайрат» пен «Селтиктің» мүмкіндігі тең

«Қайраттың» Глазгодағы тарихи ойыны: британиялық БАҚ таңданысын жасырмады



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или