«Қайрат» ойыншылары симуляция жасады деп айыпталды

«Қайрат» ойыншылары симуляция жасады деп айыпталды

Шотландиялық The Scottishsun.co.uk порталы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде «Селтикке» қарсы (0:0) ойында «Қайрат» ойыншыларын симуляция жасады деп айыптады, деп жазады Prosports.kz.

«Қайрат» Чемпиондар лигасында қақпашысынан айырылды.

«Айта кету керек, олардың кейбір құлаулары ашық түрде аянышты көрінді. Ең болмашы жанасудың өзінде құлау мүмкіндігін жібермей отырды.

Абырой болғанда, норвегиялық төреші мұндайға алданып қалған жоқ.

Ол тіпті ойынды бірнеше минутқа тоқтатуға мәжбүр болды, өйткені «Қайраттың» қақпашысына көмек қажет еді, бұл уақыт созу үшін жасалған тактикалық айлаға көбірек ұқсайтын.

Алайда голкипер ақсаңдап болса да алаңнан кетіп, ауыстырылды», – деп жазады басылым.

Айта кетейік, алматылықтардың қақпашысы Александр Заруцкий 75-минутта жарақат алып, орнына 21 жастағы Темірлан Анарбеков шықты. Кейінірек ол да жарақат алып, қан кетуіне қарамастан, қақпасын соңғы ысқырыққа дейін қорғап қалды.

«Қайрат» Шотландияда өткен матчта «Селтикпен» тең ойнады

Ферапонтов: «Қайрат» пен «Селтиктің» мүмкіндігі тең

«Қайраттың» Глазгодағы тарихи ойыны: британиялық БАҚ таңданысын жасырмады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или