US Open-2025: Рыбакина мен Бубликтің алғашқы қарсыластары белгілі болды

Нью-Йоркте маусымдағы соңғы «Үлкен дулыға» турнирі – US Open-2025 жарысының негізгі кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жекелей сынға Қазақстаннан төрт спортшы қатысады:
Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 10-орын) турнирді аргентиналық Джульетта Парехаға (WTA рейтингінде 338-орын) қарсы матчпен бастайды.
Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 54-орын) италиялық Элизабетта Коччареттомен (WTA рейтингінде 87-орын) кездеседі.
Александр Бублик (ATP рейтингінде 24-орын) тәжірибелі хорват Марин Чиличпен (ATP рейтингінде 61-орын) ойнайды.
Александр Шевченко (ATP рейтингінде 89-орын) испан Алехандро Давидович-Фокинамен (ATP рейтингінде 18-орын) кім мықтыны анықтайды.
Негізгі жарысқа шығу мүмкіндігін Бейбіт Жұқаев, Михаил Кукушкин және Дмитрий Попко да сақтап отыр - оларды іріктеу кезеңі күтіп тұр. Сонымен қатар, жұптық сында Анна Данилина өнер көрсетеді.
Айта кетейік, АҚШ ашық чемпионатының жалпы жүлдеқоры 2025 жылы 90 миллион доллардан асады. Ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сынның жеңімпаздарына бес миллион доллардан беріледі.
Эррани мен Вавассори US Open–2025 финалында чемпион атанды
Қазақстандық теннисші Румыниядағы турнирдің жартылай финалына шықты
Қазақстанның бірінші ракеткасы Кливлендтегі турнирдің ширек финалына шықты