Найджел Доус пен Брэндон Боченски ҚХЛ тарихи рейтингіне енді

Елордалық «Барыстың» бірден екі бұрынғы хоккейшісі бір ойында екі немесе одан да көп шайба соққан хоккейшілердің ТОП тізіміне енді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Штаб хоккеиста» телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Осылайша Құрлықтық хоккей лигасының ең үздік «дублёрлері» қатарындағы ТОП-9 тізіміне бірден астаналық клубтың екі экс-хоккейшісі кірді, ал қалған ұжымдардың өкілдері тек бір ойыншымен шектелген.
ҚХЛ тарихында бір ойында екі және одан көп шайба соққан ойыншылардың ТОП-9 тізімі:
1. Сергей Мозякин («Металлург» Магнитогорск) – 64;
2. Найджел Доус («Барыс») – 46;
3. Данис Зарипов («Ақ Барс») – 39;
4. Александр Радулов («Локомотив») – 36;
5. Брэндон Боченски («Барыс») – 32;
6. Никита Гусев («Динамо» Мәскеу) – 31;
7. Александр Пережогин («Авангард») – 27;
8. Вадим Шипачёв («Динамо» Минск) – 27;
9. Брукс Мэйсек («Автомобилист») – 26.
«Барыс» Астанада екі жолдастық матч өткізеді