Алты спортшымыз келесі кезеңге жолдама алды

Алты спортшымыз келесі кезеңге жолдама алды

Миланда байдарка мен каноэде ескек есуден 50-ші әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Байрақты бәсекеге 70 мемлекеттен 800-ден астам спортшы қатысуда. Жалпы 24 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан намысын 11 спортшы 13 бағдарлама бойынша қорғайды. Алғашқы күннің қорытындысы бойынша алты жерлесіміз жартылай финалға өтті.

Татьяна Токарницкая (байдарка, 500 м, олимпиадалық бағдарлама) 7-ші орынмен, Стелла Суханова (байдарка, 1000 м, олимпиадалық емес бағдарлама) 3-ші орынмен келесі кезеңге шықты. Сергей Емельянов (каноэ, 200 м) 2-ші орын иеленсе, Дмитрий Холмогоров (байдарка, 200 м) 7-ші болып жартылай финалға жолдама алды. Сондай-ақ Руфина Искакова (каноэ, 500 м) 6-шы орынмен өтті.

Ерлер құрамасы каноэ төрттікте (500 м) 5-ші орын алды. Құрамында Тимофей Емельянов, Виктор Степанов, Ануар Алмағамбетов пен Полат Төребеков бар команда да жартылай финалда бақ сынайды. Жартылай финалдық жарыстар бүгін және ертең өтеді.

Миланда байдарка мен каноеде есуден әлем чемпионаты өтеді

Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан әлем чемпионатына қатысады

Тректегі велоспорт: Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына баратын қазақстанды спортшылар


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или