Дычко үшін мансаптағы ең ірі сынақ алда

Дычко үшін мансаптағы ең ірі сынақ алда

Қазақстандық суперауыр салмақтағы боксшы Иван Дычко (15-0, 14 КО) кәсіби мансабындағы ең мәртебелі жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz. 3 қыркүйекте Лас-Вегаста ол америкалық Джермейн Франклинмен (23-2, 15 КО) қолғап түйістіреді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл айқас Сауль «Канело» Альварес пен Теренс Кроуфорд арасындағы үлкен бокс кешінің андеркардында өтеді. Дычко мен Франклиннің жекпе-жегі он раундқа жоспарланған.

BoxRec порталы бұл кездесуді бес жұлдыздың ішінен үш жұлдызға бағалады. Бұл — Дычко үшін мансаптағы ең жоғары көрсеткіш. Бұған дейінгі жекпе-жектері бір жұлдыздан асқан жоқ, сондықтан алдағы айқас оның қарсыластарының деңгейі мен қатысатын кештердің беделінің өскенін көрсетеді.

Қостанай облысының 33 жастағы тумасы үшін бұл кездесу шешуші болуы мүмкін. Жеңіске жеткен жағдайда ол әлемдік суперауыр салмақтағы үлкен мүмкіндіктерге жол ашады.

Рой Джонс қайта шаршы алаңға оралуы мүмкін

Иван Дычко сегіз жылдан кейін ірі бокс кешіне оралады

Дензел Бентли Жәнібек Әлімханұлын реваншқа шақырды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или