Макгрегор: Біз сәттерді пайдалана алмадық

«Селтик» капитаны Каллум Макгрегор Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңіндегі «Қайратқа» қарсы алғашқы матчтан кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.
– Бірінші таймда бізде жылдамдық пен агрессия жетіспеді. Өте баяу, пассив ойнадық, сол себепті қарсылас сенімді болды. Үзілістен соң ойынымызды түзеп, бастаманы қолға алдық, бірақ мүмкіндіктерді голға айналдыра алмадық. Стадиондағы атмосфера да қысым көрсетті, бірақ біз мұндай сәттерді еңсеріп, жеңіске жетуіміз керек, – деді Макгрегор.
Команданың бас бапкері Брендан Роджерс те тең нәтижеге қанағаттанбағанын атап өтті.
Қарымта кездесу 26 тамызда Алматыда өтеді. Жеңімпаз Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне шығады, ал жеңілген ұжым Еуропа лигасында бақ сынайды.
Алматылық «Қайрат» қонақта шотландиялық «Селтикпен» тең тарқасты
Дастан Сәтпаев «Селтикке» қарсы ойынға қатыспайды
Қазақстан Кубогының шешуші ойыны 4 қазанда Қызылордада өтпек