Андрей Ферапонтов қарымта ойын жайлы пікір білдірді

Андрей Ферапонтов қарымта ойын жайлы пікір білдірді

Танымал қазақстандық бапкер Андрей Ферапонтов Чемпиондар лигасындағы «Қайраттың» қарымта ойынына қатысты өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz

– Ешқандай басымдық жоқ. Қалай болғанда да бәрін екінші матч шешеді. «Қайраттың» барлық үйдегі кездесулеріне қатысып жүрмін – атмосфераны, жанкүйердің қуатын жақсы білемін, – деді ол.

Ферапонтовтың айтуынша, Алматыдағы стадион лық толады. Көпшілік бұл ойынды асыға күтіп отыр. Жергілікті қолдау, қарсыластың ұзақ жолдан келуі, алаңға бейімделу және таулы өңірдің әсері «Қайратқа» көмектесуі мүмкін. Бірақ «Селтиктің» тәжірибесі мол, бапкері де жоғарғы деңгейдегі клубтармен жұмыс істеген, мұндай ойындарға қалай дайындалуды біледі.

– Шансы 50 де 50. «Қайраттың» артықшылығы – өз алаңы ғана. Үйде және сыртта ойнаудың айырмашылығы зор. Өйткені қарсыласты көріп, оның ойынын зерттеп үлгересің, ешқандай кемсіту болмайды. «Селтик» те, «Қайрат» та бұл кездесуге тыңғылықты дайын болады, – деп түйіндеді маман.

Алматылық «Қайрат» қонақта шотландиялық «Селтикпен» тең тарқасты

Дастан Сәтпаев «Селтикке» қарсы ойынға қатыспайды

Қазақстан Кубогының шешуші ойыны 4 қазанда Қызылордада өтпек



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или