Назарбай Даримбаев қарсыласын алғашқы минутта құлатты

OCTAGON 1XBET SELECTION 53 турнирінде жеңіл салмақта қазақстандық спортшы Назарбай Даримбаев туркменстандық Хошкельды Гурбановпен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жекпе-жек басталысымен-ақ Даримбаев қарсыласына бірнеше ауыр соққы дарытып, оның есін жиуына мүмкіндік бермеді. Бар болғаны алғашқы минутта-ақ төреші қазақстандықтың техникалық нокаутпен жеңісін тіркеді.
Бұл жеңіс жас спортшының шеберлігі мен сенімділігін айқындап берді. Жекпе-жектің толық нұсқасын 1:28:10 уақытынан бастап көруге болады.
OCTAGON лигасының бас серіктесі — 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 76 турнирінің ресми серіктесі — Gorilla Energy Drink
Рамзан Қадыров Хамзат Чимаевқа UFC чемпиондығы үшін Maybach тарту етті
Қазақстандық жауынгер Әліби Ідіріс UFC-мен келісімшартқа отырды
Шавкат Рахмонов UFC үздік 15 файтері қатарында