Дохадағы басты жекпе-жек: Рахмонов – Брэди

Дохадағы басты жекпе-жек: Рахмонов – Брэди

Қараша айының 22-сінде Дохада қазақстандық Шавкат Рахмонов (19-0, UFC: 7-0) пен америкалық Шон Брэди (18-1, UFC: 8-1) арасында кездесу өтуі жоспарлануда, деп хабарлайды Спорт Шредингера порталына сілтеме жасап Prosports.kz.

Бұл жекпе-жек Рахмоновтың P4P рейтингіндегі үздік 15 қатарға енгеннен кейінгі алғашқы айқасы болмақ. Жартылай орта салмақта Шавкат үшінші орында тұрса, Брэди екінші орында келеді. Жекпе-жектің жеңімпазы UFC чемпиондық белдігіне міндетті үміткер атанады.

Әзірге UFC Катар турнирінің ресми кардындағы жекпе-жектер жарияланған жоқ. Бұған дейін Брэди UFC ұйымынан ұсыныс алып, уақыты мен қарсыласқа келісімін бергенін айтқан еді. Дегенмен қарсы тараптың растауын күтуге байланысты келісімшартқа әлі қол қойылмаған.

Рамзан Қадыров Хамзат Чимаевқа UFC чемпиондығы үшін Maybach тарту етті

Қазақстандық жауынгер Әліби Ідіріс UFC-мен келісімшартқа отырды

Шавкат Рахмонов UFC үздік 15 файтері қатарында


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или