Моуриньо: «Бенфика бізге құрмет көрсетті»

«Фенербахче» бас бапкері Жозе Моуриньо Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі «Бенфикаға» қарсы өткен алғашқы ойынды бағалады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу Стамбулда өтіп, 0:0 есебімен аяқталды.
Ойынның 71-минутында португалдық команда бір ойыншысынан айырылып, бес қорғаушымен ойнауға көшті.
«Оларды сынға алуға еш негіз жоқ. «Бенфика» өзіне қажет тактиканы таңдады. Бұл бізге деген құрметтің белгісі. Олардың әлеуеті де, шеберлігі де жоғары. Олар біздің «Фейеноордқа» қарсы қалай ойнағанымызды көрді. Қарсылас стратегиялық тұрғыдан өзіне тиімді нәтижеге қол жеткізді. Бұл олар үшін жақсы нәтиже. Мен өзім де бір кездері «Барселонаға» қарсы он ойыншымды қорғанысқа қойғанмын», – деді бұған дейін «Реалды» жаттықтырған Жозе Моуриньо.
Комментатор украиналық футболшыны ресейлік деп атады