Дастан Сәтпаев «Селтикке» қарсы ойынға қатыспайды

Алматылық «Кайраттың» шабуылшысы Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі шотландиялық «Селтикке» қарсы жауапты кездесуге қатыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
17 жастағы форвард алғашқы ойында негізгі уақытқа қосылған қосымша минуттардың соңында сары қағаз иеленді. Осылайша ол сары қағаздардың көптігіне байланысты матчтан шеттетіледі.
Сәтпаев бұған дейін «Слованға» қарсы өткен екі матчта да сары қағазбен жазаланған еді.
Глазгода өткен алғашқы матч күтпеген жерден 0:0 есебімен тең аяқталды. Жауапты ойын 26 тамыз күні Алматыда өтеді. Егер қазақстандық клуб екі кездесу қорытындысы бойынша жеңіске жетсе, тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алады. Биылғы еурокубок маусымында «Кайрат» словениялық «Олимпияны», финляндиялық КуПС клубын және словакиялық «Слованды» жеңген болатын.
«Қайрат» Шотландияда өткен матчта «Селтикпен» тең ойнады
Чемпиондар лигасы: «Селтик» - «Қайрат» матчының негізгі құрамдары белгілі болды
«Қайсар» футболшыларының неге жалақысыз отырғаны белгілі болды