Алматылық «Қайрат» қонақта шотландиялық «Селтикпен» тең тарқасты

Бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінде алматылық «Қайрат» пен шотландиялық «Селтик» арасындағы алғашқы матч өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Шотландияның Глазго қаласында өткен матчта жергілікті ұжым алғашқы минуттан тізгінді өз қолында ұстауға тырысты. Десе де оған қазақстандық команда мүмкіндік берген жоқ. Осылайша бірінші матчта есеп ашылмады. Командалар 0:0 есебімен тең тарқасты.
Өкініштісі матч аяқталар тұста Дастан Сәтпаев сары қағаз алып қалды. Енді жас ойыншы қарымта матчқа қатыспайды.
Алматылық футболшылар аталған турнирдің алғашқы үш іріктеу кезеңінде Словенияның «Олимпия» (1:1, 2:0), Финляндияның КуПС клубын (0:2, 3:0), Словакияның «Слован» (1:0, 0:1, пенальтиден 4:3) командасын қапы қалдырып кеткен еді.
Ал шотландиялық «Селтик» болса еурододадағы алғашқы ойынын плей-офф кезеңінен бастады.
Қазірге дейін «Селтик» командасының еурокубок ойындарында қазақстандық клубтармен үш мәрте жолы түйісті. Қарағандылық «Шахтерді» бір, елордалық «Астананы» екі мәрте қапы қалдырып кеткен еді.
Айта кетейік, жауапты кездесу 26 тамыз күні Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.
Қазақстан ұлттық құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды