«Селтик» - «Қайрат» матчының негізгі құрамдары жарияланды

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңіндегі шотландиялық «Селтик» пен алматылық «Қайрат» арасындағы алғашқы кездесуге шығатын алғашқы құрамдар жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Селтик» (Шотландия): Шмейхель, Джонстон, Скейлз, Нюгрен, Айда, Картер-Викерс, Маэда, Хататэ, Макгрегор, Форрест, Тирни.
«Қайрат» (Қазақстан): Заруцкий, Глэйзер, Мартынович, Сорокин, Мрынский, Арад, Громыко, Тапалов, Эдмилсон, Жоржиньо, Сәтпаев.
Бұл ойында бас төреші міндеті норегиялық Эспен Эскосқа жүктелген. Оған отандастары Ян-Эрик Энган пен Андерс-Олав Дале көмектеседі. Төртінші төреші норвегиялық Мариус Хансен-Гретта.
Бұл кездесу 20 тамыздан 21-не қараған түні сағат 00:00-де «Селтик Парк».стадионында басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Чемпиондар лигасы: «Селтик» - «Қайрат» кездесуінде кім төрешілік жасайды