«Қайсар» футболшыларының неге жалақысыз отырғаны белгілі болды

«Қайсар» футболшыларының неге жалақысыз отырғаны белгілі болды

«Қайсар» клубының басшылығы команда ойыншылары бірнеше айдан бері жалақысыз отыр деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жөнінде команда басшылығы әлеуметтік желідегі парақшасында ресми жауап берді.

- Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында «Қайсар» футбол клубы ойыншыларға жалақы бермеу жайлы жалған ақпарат таралуда. Клуб бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді. Бүгінде клубтағы футболшылар, бапкерлік штаб, футбол орталығы, ішкі қызметкерлердің барлығы уақытылы жалақысын алып, штаттық режимде өз жұмыстарын жүйелі атқаруда. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтініне тағы да назар аударамыз. БАҚ өкілдерінен клубтың баспасөз қызметіне хабарласуды, тексерілмеген ақпаратты таратпауды және тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз, - деп жазылған хабарламада. 

Симуляция жасады ма? ҚПЛ-дің 21-турындағы даулы сәттерге талдау жасалды

Жақында ғана жөндеуден өткен Петропавлдағы стадион су астында қалды

Түркістан облысында халықтың қаржысына салынған футбол алаңы бұзылуы мүмкін

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или