Сергей Пацай «Селтик» - «Қайрат» матчына болжам жасады

Сергей Пацай «Селтик» - «Қайрат» матчына болжам жасады

«Қайраттың» бұрынғы шабуылшысы әрі Қазақстан ұлттық құрамасының экс-ойыншысы Сергей Пацай Legalbet.kz сайтына алдағы Глазгода өтетін еурокубок матчынан не күтетінін айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ойынға қатысты айтарым мынау: бүгін «Қайратқа» өте қиын болады. «Селтик» өз алаңында жанкүйерлердің керемет қолдауымен өте қарқынды ойнайды. Шотландиялықтар агрессив, шабуылшыл әрі жылдам футбол көрсетеді. Әрине, мен сүйікті командама жанкүйер боламын, бірақ объектив қарасақ, бүгін «Қайраттың» тіпті тең түсуге де мүмкіндігі жоқ», – деді аты аңызға айналған бұрынғы футболшы.

УЕФА Чемпиондар лигасы іріктеуінің плей-офф кезеңінде «Селтик» пен «Қайрат» арасындағы алғашқы матч Қазақстан уақытымен 21 тамызға қараған түні сағат 00:00-де шотланд клубының алаңында басталады.

Чемпиондар лигасы: «Селтик» - «Қайрат» кездесуінде кім төрешілік жасайды

«Қайрат» Глазгоға жетті. Енді «Селтик» күтіп тұр

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или