«Қайрат» бүгін «Селтикке» қарсы алаңға шығады

Бүгін, 20 тамыз күні, алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасы іріктеуінің финалдық кезеңіндегі алғашқы ойынын сырт алаңда шотландиялық «Селтикке» қарсы өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу түнгі 00:00-де (Астана уақыты) басталып, «Qazsport» арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Еске сала кетейік, «Қайрат» алғашқы кезеңде словениялық «Олимпияны» жолдан тайдырды (2:0 – Алматыда, 1:1 – сырт алаңда). Екінші раундта финляндиялық КуПС-қа қарсы камбэк жасап, жалпы есепте 3:2 есебімен келесі айналымға шықты.
Үшінші кезеңде алматылықтар Братиславаның «Слованын» жеңу үшін пенальти сериясына жүгінді. Негізгі екі ойын 1:1 есебімен аяқталып, 11 метрлік соққылар сериясында «Қайрат» 4:3 есебімен үстем түсті.
Чемпиондар лигасы: «Селтик» - «Қайрат» кездесуінде кім төрешілік жасайды
ҚПЛ шілде айының үздік бапкері мен ойыншысы анықталды
«Елімайдың» капитаны «Қайратқа» қарсы матчты қорытындылады