Франческо Ароника демалыс кезінде қайтыс болды

Франческо Ароника демалыс кезінде қайтыс болды

Америкалық футболшы Франческо Ароника оңтүстік Италиядағы демалысы кезінде қаза тапты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Катаниялық 23 жастағы ойыншы Полиньяно-а-Маре қаласындағы Лама Монакиле жағажайында қайғылы жағдайға тап болды. Ол алты метрлік жартастан суға секіріп, тасқа қатты соғылып алған. «Катания Элефантс» клубының ойыншысы достарымен Апулияда демалып жүрген еді.

Дәрігерлер дереу жетіп, алғашқы медициналық көмек көрсеткенімен, жағдайын тұрақтандыра алмады. Жүрек-өкпе реанимациясы мен дефибрилляция жасалғанына қарамастан, спортшы ауруханада көз жұмды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или