Арсланбек Айтқұлов төрт жылға теннистен шеттетілді

Арсланбек Айтқұлов төрт жылға теннистен шеттетілді

21 жастағы қазақстандық теннисші Арсланбек Айтқұлов допинг ережесін бұзғаны үшін төрт жылға спорттан шеттетілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, 2024 жылдың қаңтарында алынған сынамадан екі тыйым салынған зат – LGD-4033 және Метилгексанамин табылған. Айтқұлов бұл заттардың ағзасына әдейі түспегенін дәлелдей алмаған.

Дисквалификация мерзімі 2024 жылдың 23 наурызынан басталып, 2028 жылдың 22 наурызына дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында спортшыға турнирлерге қатысуға, жаттығуға және ITIA мен басқа ұйымдар өткізетін теннис шараларына баруға тыйым салынған.

Жұқаев тартысты матчта жеңіп, келесі кезеңге өтті

ITIA қазақстандық теннисшіге жаза тағайындады

Қазақстандық теннисшілердің жаңарған рейтингтегі орындары белгілі болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или