Жұқаев тартысты матчта жеңіп, келесі кезеңге өтті

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев US Open-2025 іріктеуінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол ширек финалда британдық Джек Пиннингтон Джонспен кездесіп, үш сетке созылған тартысты ойында жеңіске жетті.
Бірінші партияда Жұқаев 3:6 есебімен есе жіберді. Бірақ екінші сетте тай-брейкте 8:6 нәтижесімен басым түсті.
Шешуші үшінші сет те тай-брейкке ұласып, қазақстандық спортшы нағыз мінез көрсетті. Қорытынды есеп – 14:12, осылайша Жұқаев жартылай финалға өтті.
ITIA қазақстандық теннисшіге жаза тағайындады
Қазақстандық теннисшілердің жаңарған рейтингтегі орындары белгілі болды
Елена Рыбакинаның АҚШ ашық чемпионатындағы қарсыласы белгілі болды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или