Шавкат Рахмонов UFC-де үздіктер қатарынан орын алды

Шавкат Рахмонов UFC-де үздіктер қатарынан орын алды

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов салмақ дәрежесіне қарамастан америкалық MMA промоушен рейтингінің алғашқы 15-іне енді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жуырда шешен Хамзат Чимаевтың оңтүстік африкалық Дрикус ду Плессиспен титулдық жекпе-жегінде жеңіске жеткеннен кейін UFC P4P рейтингі өзгерді. Чимаев он позицияға жоғары көтеріліп, төртінші орынға жайғасты. Тізімде 15-ші орында тұрған бразилиялық Чарльз Оливейра рейтингтен шығып, оның орнын жартылай орта салмақтағы  қазақстандық иеленді.

P4P рейтингін жеңіл салмақтағы чемпион испан-грузиялық Илья Топурия бастап тұр.

«Номад» UFC-дегі соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізіп, ирландиялық Иэн Гарриді төрешілер шешімімен жеңген болатын.


Қуат Хамитовтың АСА-дағы қарсыласы анықталды

Қазақстан мен Өзбекстан жауынгерлері қанды айқас өткізді. Видео

UFC Vegas 109 турнирінде бонус алған файтерлер белгілі болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или